ЖАСЫЛ /84/

lat: JASYL /84/

сын. 1. Шөптің, жас жапырақтың түсіндей түс .

Жағасында жайқалып жасыл құрақ,

Көз жасындай төсінде көкшіл бұлақ,

Өмірден көп өкініш көрген жандай

Өксігін тоқтата алмай жатыр жылап (1,59).

Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?

Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?

Қайда кеткен, қалай өткен, кімге барып бас ұрған?! (1,171).


2. сөйл. Көк . Бәрі жасыл : Жер жасыл , аспан жасыл ,

Жасыл бұлт, жағалай кеп асқарға асыл.

Жабырқап жартастардан қашқанда сүр,

Жасыл маң, ағыта гөр тастарға сыр (1,215).